Құрметті тимирязевтіктер! Қадірлі достар!
Сіздер Тимирязев аудандық мәслихатының және оның аппаратының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Біздің сайтымызда сіз аудандық мәслихаттың өкілеттігімен, оның депутаттарымен, жұмыс регламентімен, нормативтік құқықтық актілермен және сессияларда қабылданған басқа да шешімдермен таныса аласыз.
Виртуалдық қабылдаудың арқасында сіз аудандық мәслихат хатшысының, депутаттарының қабылдау кестесінен хабардар боласыз, сенім телефонын біліп, міндетті түрде жауабын алатын түрлі сипаттағы сұрақтарыңызды қоя аласыз.
Осылайша біздің жерлестерімізге және сайттың барлық кірушілеріне жергілікті өкілді органның қызметі туралы неғұрлым толық мәлімет алу, ақпаратпен алмасуды жеделдету, қабылданатын шешімдер бойынша, аудандық мәслихаттың қызметін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарыңызды енгізу мүмкіндігі туып отыр.
Аудандық мәслихаттың депутаттары өз сайлаушыларымен белсенді ынтымақтастыққа және өзара әрекетт жасауға үміттенеді, бұл болса Тимирязев ауданының әрі қарай дамуына және көркеюіне, оның тұрғындарының әлеуметтік хал-жайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Тимирязев аудандық мәслихатының хатшысы Асанова А.С.
Тимирязев аудандық мәслихатының мекенжайы:
СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Ш. Уәлиханов көшесі, № 1 үй
Байланыс телефондары:
Аудандық мәслихаттың хатшысы: 8 (715 37) 2-12-53
Факс: 8 (715 37) 2-14-36
Аппарат басшысы:
8 (715 37) 2-14-36
8 (715 2) 50-21-25
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын бұзу фактілері туралы мәлімет үшін 8 (715 37) 2-14-36 сенім телефоны орнатылған.