ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ</br></br>«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ | 2021 — аудан бюджеті: болашаққа жақсы негіз

2021 — аудан бюджеті: болашаққа жақсы негіз

Ағымдағы жыл мен VI шақырылымды аяқтаған аудандық мәслихаттың LI сессиясы өтті.

Сессия барысында депутаттар басты қаржылық құжат — ауданның 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін талқылауға баса назар аударды.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Қ. Қожахметованың баяндамасынан 2021 жылға арналған аудандық бюджеттік бағдарламаларды шығындар бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 4 млрд.780 млн. 956 мың теңгені құрағаны байқалады.

Салықтық және салықтық емес түсімдердің, республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін нысаналы трансферттердің болжамын ескере отырып жасалған шығыстар бөлігінде аудан бюджеті әлеуметтік бағытын сақтаған.

964 млн.теңгеден астам қаражат халықты сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруға бағытталады. Оның ішінде 158 млн. 957 мың теңге — Москворецкое а. су тегеурінді құрылыстар алаңының құрылысына; 805 млн. теңге — тоғыз елді мекенде су тегеурінді мұнаралар мен сорғы ғимараттарын салу арқылы оларды қайта жаңартуға; 5 млн. теңге шамасында — Белоградовка а. су құбырының таратушы желілерін ағымдағы жөндеуге.

Жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар үшін тұрғын үй сатып алуға 334 млн. 250 мың теңге көзделген.

«Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында 217 млн.787 мың теңге аудан орталығындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеуге, оның көшелерін жарықтандыруға және тротуарларды жайластыруға жоспарланған.

Осы жобадан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 582 млн.742 мың теңгеге қаржыландырылады. Орталық қазандықта 6 млн. теңгеге су жылыту қазаны ауыстырылады.

Абаттандыру мәселелерін шешуге ерекше назар аударылмақ. Мәселен, Ақжан, Степное, Тимирязев ауылдарында балалардың ойын алаңдарын орнатуға 15 млн.теңге қарастырылған. Ақжан ауылындағы гүлзарды жайластыруға 8 млн.теңге, Ақсуат, Құртай, Тимирязев ауылдық округтерінің көшелерін жарықтандыруға 40 млн. теңге бағытталатын болады. Дружба а. туралы жеке айтып өткен жөн — стадиондағы мінбелерді, қоршауын, мектеп қоршауын жөндеу, балалар алаңын орнату, клуб жанындағы мәдени-сауықтыру орталығын жабдықтау жоспарланған, бұған жалпы сомасы 14 млн.200 мың теңге бөлінген. Аудандық Мәдениет үйінің жанындағы осындай орталықты жабдықтауға 2 млн. теңге жұмсалмақ.

Жалпы, осы және басқа да қаржылық шығындар, әрине, тимирязевтіктердің әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға оң әсер ететіні сөзсіз.

Атқарушы органдарға ауданға қомақты қаржы ағындарын тарту жөніндегі үлкен жұмысы үшін ризашылығын білдіре отырып, депутаттар бірауыздан бекітілген бюджеттің сапалы игерілуін тіледі.

16 ауылдық округ бюджетін талқылап және жалпы мақұлдап, депутаттар шешім жобаларын облыс Әділет департаментімен келісу рәсімі аяқталғанға дейін сессия жұмысында үзіліс жариялай отырып, оларды бекіту мәселелерін ашық қалдырды.

2021 жылы депутаттар мен аудандық мәслихат аппаратының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шешімдер қабылданды.

Сессия соңында оған қатысқан депутаттарға, ауылдық округ әкімдеріне, мекеме басшыларына (бейнеконференцбайланыс режимінде) төрағалық етуші аудандық мәслихаттың хатшысы С.С. Мұстафин, аудан әкімінің орынбасары Ж.Е. Мәкенова келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

24.12.2020
Қараулар: 39
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovПремьер Послание президента РКОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет