Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кезекті жоспарлы бірлескен отырысында үш мәселе қаралды.
Тимирязев ауданы халқының жануарларына ветеринарлық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар туралы ауданның ветеринарлық станциясы басшысының м. а. Ә.Ж. Әлбекова баяндады.
Тимирязев ауданының елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі тағы бір жылға депутаттық бақылауда қалды, оның іске асырылуы туралы сәулет, құрылыс, ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы А.Қ. Қоржұмбаев хабарлады.
Ағымдағы жылдың наурыз айында комиссия мүшелері «Қазақтелеком» АҚ Тимирязев ауданының желілік-техникалық цехының халыққа қызмет көрсету бойынша жай-күйін, проблемаларын және жұмыс перспективаларын зерттеген болатын. Желілік-техникалық цех бастығы Е.И. Тебенькованың мәселе бойынша қаулының орындалуы туралы ақпаратынан кейін ол бақылаудан алынды.
Қараулар: 59