ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ</br></br>«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ | Әзірге тек бөлшектеу

Әзірге тек бөлшектеу

Аудандық мәслихаттың хатшысы С.С. Мұстафин бастаған депутаттар Е.Н.Никитенко, А.Г. Приходько Дзержинский негізгі мектебіндегі жөндеу жұмыстарымен танысу үшін барып қайтты.

Жұмыс көлемі аз емес: терезелерді, есік кәсектерін ауыстыру, электротехникалық жұмыстар (электр сымдарын, шамдарды жөндеуден бастап, резеткілер мен ажыратқыштарға дейін), өткелдің шатырын, спортзал еденін жөндеу және т.б. Игеруге тиіс сома да қомақты — 47 млн. 603 мың теңге.

Депутаттар мектепке келген кезде бөлшектеу жұмыстарымен халықты жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жөндеуге тартылған жергілікті тұрғындардың жұмысшылары айналысып жатқан болатын.

Ал мердігердің өкілдері болса (конкурсты Петропавлдық «СпектрСтройСевер» ЖШС жеңіп алды), Дзержинский ауылдық округінің әкімі Қ.Ч. Стабаев мәлімдегендей, объектіде бір рет пайда болған және жұмыстың негізгі түрлеріне әлі де кіріспеген.

27.06.2020
Қараулар: 164
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovПремьер Послание президента РКОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет