ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ</br></br>«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ | «Тимирязев ауданының халқына медициналық қызмет көрсетуді жақсарту жағдайы, проблемалары және перспективалары туралы» тақырыбында көпшіліктік тыңдаулар

«Тимирязев ауданының халқына медициналық қызмет көрсетуді жақсарту жағдайы, проблемалары және перспективалары туралы» тақырыбында көпшіліктік тыңдаулар

Денсаулық сақтау жүйесінің қай жері ауырады?

«Халық денсаулығы — ол Қазақстанның
өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі
табысының ажырамас құрамдас бөлігі»

/Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Н. Назарбаев/

«Тимирязев ауданының халқына медициналық қызмет көрсетуді жақсарту жағдайы, проблемалары және перспективалары туралы» тақырыбында көпшіліктік тыңдаулар

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау мәселелері бүкіл қоғам үшін аса өзекті болып табылады. Бұған сыни жарияланымдар мен олардың бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде талқылануы, әкімдердің, барлық деңгейдегі депутаттардың халық алдындағы есептік кездесулері, жергілікті қоғамдастықтар жиындары, азаматтарды қабылдау кезеңіндегі азаматтардың өтініштері айқын дәлел бола алады.

Адамдар биліктің назарын медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне, білікті кадрлардың жетіспеушілігіне, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, медицина қызметкерлерінің этикалық нормаларды сақтауына және т.б. аударады.

Осы мәселелердің барлығы коронавирустық инфекция пандемиясы кезінде ерекше айқындылықпен көрінді.

Көтерілген проблемалардың өзектілігі мен қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, халық денсаулығын сақтау мәселелеріне жетекшілік ететін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 13-бабына сәйкес «Тимирязев ауданының халқына медициналық қызмет көрсетуді жақсартудың жағдайы, проблемалары және перспективалары туралы» тақырыбында көпшіліктік тыңдауларға бастамашылық етіп, жариялады.

Бұл мәселе бойынша депутаттар мен отырысқа шақырылғандардың алдында аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары И.В. Ананьева баяндама жасады, ол ең алдымен ауданға жақын уақытта жылжымалы медициналық кешен жеткізілетіні туралы хабарлады. Ол көп салалы жаңа құрылғылармен жабдықталған, оларға қоса дәріхана пункті де бар. Бұл «доңғалақты аурухана» кесте бойынша ауылдық округтерге шығады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, жыл соңына дейін аурухана реанимобиль алуы тиіс.

Жағымды жаңалықтар Ел Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалардың іске асырылуын көрнекі түрде паш етеді: «Үкімет алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарауы керек. Алғашқы медициналық көмек халықтың кең ауқымына, соның ішінде ауылдықтарға неғұрлым ұтқыр және қолжетімді болуға тиіс. Шалғай өңірлер үшін көлік медицинасын жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау қажет».

Ауданның емдеу мекемелерін кадрлық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасы мәселелеріне тоқтала келе, Ирина Васильевна халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін, әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу және емдеу жөніндегі жұмысты жан-жақты түсіндірді.

Бас дәрігердің орынбасары ауданның медициналық ұйымдарына жөндеу жүргізуден бастап (мәселен, аудандық аурухана ғимаратының, Москворецкое ауылының медициналық пунктінің аумағын, холы мен кіреберісін ағымдағы жөндеуге сметалар жасалған), оларды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етумен, ақпараттандырудың электрондық жүйесін енгізумен аяқтай отырып, ауданның денсаулық сақтау саласының одан арғы қызметінің жоспарларымен, басым бағыттарымен бөлісті.

Баяндамада орын алған жекелеген проблемалы мәселелер: дәрігерлердің (кардиолог, невропатолог) тапшылығы; орта медициналық қызметкерлердің тапшылығы; сегіз медициналық пунктті бейімделген ғимараттардан ауыстыру; ауданға келген денсаулық сақтау мамандарын қолайлы өмір сүру жағдайы бар тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Неліктен тимирязевтік медициналық оқу орындарының түлектері ауданға оралғысы келмейді, жекелеген бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс кестесін бұзуы, денсаулық сақтау жүйесінің ардагерлеріне көңіл бөлу қажеттілігі, коронавирустық инфекцияның бірінші толқыны процесіндегі қиындықтар және екіншісіне дайындық деңгейі, эпидемиологиялық бақылау мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігі — осы және басқа да мәселелерді талқылауға депутаттар корпусы да, көпшіліктік тыңдауға шақырылған: аудан прокуроры В.А. Найда, аудан әкімінің орынбасары Ү.Қ. Нұртазина, аудандық соғыс, еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Ғ.С. Шаяхметов, оның басқа қатысушылары да белсенді қатысты.

Отырыс барысында айтылған проблемалар оларды іске асыру үшін құзыретті органдарға жіберілген ұсынымдарда көрініс тапты.

Өткен жылдың қазан айында Алматыда денсаулық сақтау жүйесі мамандарының форумы өткен болатын, ол Қазақстанмен қатар жалпы әлемдік үрдістерге де тән басты проблемаларды айқындады.

Олардың бірі — барша жұрт денсаулық сақтау жүйесіне наразы. Әлемнің кез-келген елінде, бұл ірі мемлекет АҚШ болсын, не өркендеген Сингапур болсын, жергілікті денсаулық сақтау жүйесі жүз пайыз мақұлданған емес. Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман мойындағандай, оның көзқарасы бойынша Сингапурдың денсаулық сақтау жүйесі бүгінгі таңда ең озық болып табылады. Десек те, оған осы елдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары қанағаттанудың 70%-ына жеткендерін айтқан болатын. «Бұл дегеніміз, адамдардың 30%-ы бұл теңдесі жоқ жүйеге наразы», — деді Шарман. Сондықтан бұл жағынан Қазақстан да бірегей емес, — деп атап өтілді форумда. Сонымен бірге, мемлекет, қоғамдық институттар әрқайсымыздың денсаулығымыз бен өміріміздің сақшысы болып тұрған жүйені нығайту, жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдауда.

23.10.2020
Қараулар: 71
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovПремьер Послание президента РКОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет