ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ</br></br>«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ | Қызметті реттейтін мәселелер

Қызметті реттейтін мәселелер

Депутаттар онлайн тәртібінде Тимирязев аудандық мәслихатының кезектен тыс L сессиясының барысында он бес мәселе қарады.

Сессияда төрағалық еткен Е.Н. Никитенко өз депутаттық қызметі туралы есебін ұсынды.

Әзірлеуші-органдар сессияның бекітуіне бес нормативтік құқықтық актіні енгізді:

  1. Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (Х.И. Наурызбаева) — «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы»;
  2. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Л.А. Плотникова) — «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы»;
  3. «Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»;
  4. «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»;
  5. жер қатынастары бөлімі (А.Қ. Қасенов) — «2020-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы».

Ономастика тақырыбы Ақсуат, Дмитриев, Мичурин, Тимирязев және Хмельницкий ауылдық округтерінің ауылдарындағы көшелерге атау беру және қайта атау көрсетілген аумақтардағы халықтың пікірін ескеру арқылы қаралған мәселелерде қамтып көрсетілген.

Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 05 қаңтардағы № 45/1 «2016-2020 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағын дамыту бағдарламасы туралы» шешіміне енгізілген өзгерістер жайлы сессия қатысушыларының назарына экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Қ. Қожахметова мәлімдеді.

Сессия жұмысына қатысқан аудан әкімі Н.М. Кеңесов сессияда қабылданған шешімдердің маңыздылығын баса айтып, алдағы ұлттық мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен барша тимирязевтіктерді құттықтау мүмкіндігін бос жібермеді.

08.12.2020
Қараулар: 48
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovПремьер Послание президента РКОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет