ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ</br></br>«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ | Аудандық мәслихаттың құзыреті, қызметі

Аудандық мәслихаттың құзыреті, қызметі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың құзыретіне:

  1. ауданды дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті бекіту, соның ішінде аудан, ауылдық округ әкімдері іске асыратын (әрбір ауылдық округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту;
  2. тиісті аумақта қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану бойынша бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру бойынша шығыстарды бекіту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес өзге мәселелерді шешу;
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметібекітетінжергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту;
  4. мәслихаттың қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
  5. әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келісу;
  6. атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
  7. Қазақстан Республикасының сайлау туралызаң актiсiнесәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау;
  8. жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;
  9. облыстардың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;
  10. бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін облыстың тексеру комиссиясына ұсыныстар енгізу;
  11. мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
  12. халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын бекіту;
  13. әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;
  14. әкімнің ұсынысы бойынша "Ауданның құрметті азаматы" атағын беру;
  15. Қазақстан Республикасыныңжер заңдарынасәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
  16. азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
  17. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

Мәслихаттың құзыретіне сонымен бірге ауданның аумағында орналасқан кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту, ауылдық округ әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау және аудан әкіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу жатады. Ауданның мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиісті аудан бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.

Мәслихаттың тұрақты комиссиялары:

  • мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша ұсыныстар енгізуге;
  • өздерінің құзырына жататын және мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
  • өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамаларды ұсынуға;
  • өз құзіреті шегінде жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізуге;
  • комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерін және азаматтарды тартуға құқылы.

Әкімдік, орталық атқарушы органдардың, атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары, ұйымдар белгіленген тәртіпте тұрақты комиссияларға олардың құзіретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпаратты беруге міндетті.

Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзіретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.

Аудандық мәслихаттың қызметі туралы

Ауданды қайта атау туралы 2019 жылғы 04 қыркүйектегі көпшіліктік тыңдаулар хаттамасы (ZIP 32 Kb)

VІ шақырылған Тимирязев аудандық мәслихатының 2018 жылғы қызметі туралы: «Сайлаушылар қамына назар салу» (ZIP 18 Kb)

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 жылдығына: «Мәслихат: кеше, бүгін, ертең» (ZIP 11 Kb)

Бюджет, салық және қаржы, экология, кәсіпкерлік қызмет, экономика салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2018 жылдағы жұмысы туралы есебі: «Бақылау функцияларын күшейтуді көздеп отырмыз» (ZIP 30 Kb)

Халықтың денсаулығын сақтау және оны әлеуметтік қорғау, білім және мәдениет, жастар ісі, депутаттық өкілеттік және адам құқығы, заңдылық, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2018 жылдағы жұмысы туралы есебі: «Депутаттар назарында» (ZIP 14 Kb)

Сайлау комиссияларына кандидатуралар ұсыну мәселелері бойынша саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктердің назарына арналған материалдар (ZIP 17 Kb)

Қ.Ә. Сапулатовтың депутаттық өкілеттіктерді орындауы туралы: «Өндірістік процестерден сананы жаңғыртуға дейін» (ZIP 11 Kb)

28.03.2018 жылғы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кезекті бірлескен отырысы туралы: «Назар аударуды талап ететін мәселелер» (ZIP 12 Kb)

Бірге әрекет жасауға даяр (VІ шақырылған Тимирязев аудандық мәслихатының 2017 жылғы қызметі туралы) (ZIP 17 Kb)

Халықтың денсаулығын сақтау және оны әлеуметтік қорғау, білім және мәдениет, жастар ісі, депутаттық өкілеттік және адам құқығы, заңдылық, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2017 жылы атқарған жұмысы туралы есебі (ZIP 14 Kb)

С. Мұстафин: Президент Жолдауы-2018 — келешекке әрекет жоспары (ZIP 11 Kb)

Бюджет, салық және қаржы, экология, кәсіпкерлік қызмет, экономика салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2017 жылы атқарған жұмысы туралы есебі  (ZIP 11 Kb)

15.11.2017 жылғы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кезекті бірлескен отырысы туралы: «Нақты міндеттер қойылды» (ZIP 12 Kb)

Ж.Ә. Жантоқовтың депутаттық өкілеттіктерді орындауы туралы:«Сайлаушыларымның мүдделерін лайықты білдіруге тырысатын боламын» (ZIP 18 Kb)

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша аудандық активтің жиналысындағы аудандық мәслихаттың хатшысы С.С. Мұстафиннің сөз сөйлеуі (ZIP 5 Kb)

06.03.2017 жылғы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кезекті бірлескен отырысы туралы:«Бұл шаралар кейінге қалдыруды көтермейді» (ZIP 6 Kb)

Аудандық мәслихаттың хатшысы С.С. Мұстафиннің Алғыс айту күніне арналған құттықтау сөзі (ZIP 4 Kb)

«Тимирязев аудандық мәслихатының V-VІ шақырылымдарының 2016 жылғы қызметі туралы» аудандық мәслихаттың хатшысы С.С. Мұстафиннің есебі (ZIP 9 Kb)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша аудандық жиналыстағы аудандық мәслихаттың хатшысы С.С. Мұстафиннің сөз сөйлеуі:«Жолдауды іске асыру — барлығының және әрқайсысының міндеті» (ZIP 4 Kb)

Президент үндеуі — іс-әрекетке басшылық (ZIP 5 Kb)

Халықтың денсаулығын сақтау және оны әлеуметтік қорғау, білім беру және мәдениет, жастар істері, депутаттық өкілеттік және адам құқығы, заңдылық, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комисияның 2016 жылғы жұмысы туралы есебі (ZIP 8 Kb)

Бюджет, салық және қаржы, экономика және инфрақұрылым салаларын дамыту, экология, кәсіпкерлік қызмет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2016 жылғы жұмысы туралы есебі (ZIP 8 Kb)

Халықаралық қарттар күніне орай депутаттық қолдау туралы: «Кәріге құрмет — балаға міндет» (ZIP 4 Kb)

2016 жылғы маусымнан тамызға дейінгі кезеңде аудандық мәслихаттың жұмыс органдары отырысына қатысушылардың айтқан сын ескертпелері мен ұсыныстарын іске асыру туралы: «Өтініш білдірдіңіз — ақпарат береміз» (ZIP 5 Kb)

Б.Ж. Әлімбаевтың депутаттық өкілеттіктерді орындауы туралы: «Маған жерлес болып кеткен адамдардың өмірін жақсартқым келеді» (ZIP 5 Kb)

 

30.09.2016 жылғы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кезекті бірлескен отырысы туралы: «Депутаттардың назарында» (ZIP 2032 Kb)

2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы сәуірге дейінгі кезеңде аудандық мәслихаттың жұмыс органдары отырысына қатысушылардың айтқан сын ескертпелері мен ұсыныстарын іске асыру туралы: «Сұрақтарға жауап» (ZIP 9 Kb)

Тұрақты комиссиялар отырысында: «Спорт туралы да, абаттандыру туралы да» (ZIP 7 Kb)

Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Мұстафиннің «Нұр Отан» партиясы Тимирязев аудандық филиалының кезектен тыс ХV партиялық конференциясындағы сөз сөйлеуі: «Патриотизм іспен сыналады» (ZIP 5 Kb)

VІ шақырылған Тимирязев аудандық мәслихатының І сессиясы — «Жерлестердің сенімінің арқасында» (ZIP 4 Kb)

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмыс атқаруда (ZIP 8 Kb)

Су тасқыны бойынша депутаттардың үндеуі: «Адам деген ардақты ат» (ZIP 4 Kb)

«Тимирязев аудандық мәслихатының V шақырылымының 2015 жылғы қызметі туралы» аудандық мәслихаттың хатшысы С.С. Мұстафиннің есебі (ZIP 11 Kb)

Тұрақты комиссия төрағасы С.А. Жүкеевтің 2015 жылғы жұмысы туралы есебі (ZIP 7 Kb)

Тұрақты комиссия төрағасы Ж.Ә. Жантоқовтың 2015 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі (ZIP 6 Kb)

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovПремьер Послание президента РКОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет