ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ</br></br>«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ | Қоғамдық кеңестер

Қоғамдық кеңестер

2021 жылғы 02 ақпан

Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңес құрамына мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс жариялау туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесiнің құрамына мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс жариялайды. Қоғамдық кеңес құру жөнiндегi жұмыс тобы коммерциялық емес ұйымдардың – қоғамдық кеңестердiң, азаматтардың мәлiметiне конкурсқа қатысу үшiн құжаттар конкурс туралы хабарлама жарияланған күннен бастап, 10 жұмыс күннің ішінде, жұмыс уақытында: сағат 9.00-13.00, 14.30-18.30, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi, тел. 8-(71537)-2-14-36 қабылданатынын хабарлайды.

Қоғамдық кеңестi қалыптастыру жөнiндегi жұмыс тобы Тимирязев ауданының мәслихатында жұмыс iстейдi (151100, Тимирязев а. Тимирязев ауданы Солтүстік-Казақстан облысы, Уәлиханов к., 1, № 311 каб., байланыс телефоны: 8-(71537)-2-14-36. Электрондық адресi: tim_maslihat@bk.ru).

Конкурсқа материалдар жинауға жауапты — жұмыс тобының хатшысы Жұмабаева Эльмира Мергеновна, тел. 8-(71537)-2-14-36.

Конкурсқа қатысу үшiн келесi құжаттар ұсыну қажет:

  1. кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  2. кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергiлiктi деңгейде қалыптастырылған жағдайда — тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидат:

  1. сотталғандығы болмауы тиiс;
  2. сот заңда белгiленген тәртiппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кiнәлi деп танымаған болуға тиiс;
  3. психикалық ауруға (психоневрология орталығы), алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа (наркология орталығы) байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиiс.

Ескертпе: Психоневрологиялық және наркологиялық орталықтарының анықтамаларын кандидат конкурсқа ұсынатын құжаттар пакетiмен бiрге өз қолымен тапсырады (3 тармақша).

Қоғамдық кеңес құру
жөнiндегi жұмыс тобы

Тимирязев аудандық мәслихат хатшысының
2021 жылғы 21 қаңтардағы
№ 6 өкiмiне қосымша

Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының құрамы

№ р/р Кандидаттың Т.А.Ә. Лауазымы ҚБ атауы, жұмыс орны Байланыс тел.
1 Габова Антонина Геннадьевна Төрайым «Светлица» ҚБ 2-12-65
2 Жадгеров Рашит Қанадұлы Басшы «СҚО Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ 2-14-36
3 Жұмабаева Эльмира Мергенқызы Бас маман «СҚО Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ 2-14-36
4 Асанова Айман Серікқызы Хатшы Аудандық мәслихат 2-12-53
5 Нұрғалиев Мейрам Бауржанұлы Төраға «Тимирязев ауданының білім беру және ғылым қызметкерлерінің бастапқы кәсіподақ ұйымы» 2-01-52
6 Мұхамеджанов Ерлан Бейсембайұлы Менеджер-кеңесші Тимирязев аудандық Кәсіпкерлер палатасы 7-90-52
7 Приходько Александр Геннадьевич Бірінші орынбасары «Нұр Отан» партиясының филиалы 2-00-10
8 Ташев Шоқан Садуақасұлы Имам Тимирязев аудандық мешіті 2-00-80
9 Шаяхметов Ғазиз Серікұлы Төраға «Тимирязев аудандық Соғыс, еңбек ардагерлерінің кеңесі» ҚБ 2-00-28

2019 жылғы 04 ақпан

№ 31/1
Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 27-тармағына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің мынадай құрамы бекітілсін:

  • Габова Антонина Геннадьевна – «Светлица» ҚБ төрағасы;
  • Домащенко Татьяна Валерьевна – «Тимирязев ауданының ішкі саясат бөлімі» КММ бас маманы;
  • Қоқанов Есімбай Оқанұлы – «Қоқанов Е.О.» ШҚ басшысы;
  • Мұхамеджанов Ерлан Бейсембайұлы – Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Тимирязев аудандық филиалының менеджер-кеңесшісі;
  • Нұрғалиев Мейрам Бауыржанұлы – «Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Тимирязев ауданының білім қызметкерлерінің кәсіптік ұйымы» филиалының төрағасы;
  • Нұртазина Үмітжан Құрманқызы – аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары;
  • Приходько Александр Геннадьевич – «Нұр Отан» партиясы Тимирязев аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
  • Телемесова Бибігүл Аманбайқызы – «Көшпелі» ЖҚБ төрағасы;
  • Шаяхметов Ғазиз Серікұлы – «Тимирязев ауданының соғыс, еңбек ардагерлерінің кеңесі» ҚБ төрағасы.

2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 01 ақпандағы № 47/1 «Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың
ХХХІ сессиясының төрағасы
Е. Никитенко

Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С. Мұстафин

2019 жылғы 01 ақпан

Жұмыс тобының шешімдері

  1. Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңесінің құрылған құрамы мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілсін.
  2. Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесі туралы әзірленген ереже жобасы Қоғамдық кеңестің отырысына талқылау үшін енгізілін.

Қоғамдық кеңес құру
жөнiндегi жұмыс тобы

2019 жылғы 17 қаңтар

Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңесiнің жаңа құрамына мүшелiкке үмiткерлiкке конкурс жариялау туралы

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383 V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесiнің жаңа құрамына мүшелiкке үмiткерлерге конкурс жариялайды. Қоғамдық кеңес құру жөнiндегi жұмыс тобы коммерциялық емес ұйымдардың – қоғамдық кеңестердiң, азаматтардың мәлiметiне конкурсқа қатысу үшiн құжаттар конкурс туралы хабарлама аудандық баспада жарияланған күннен бастап, 10 жұмыс күннің ішінде, жұмыс уақытында сағат 9.00-13.00, 14.30-18.30, демалыс күндерi сенбi, жексенбi, тел. 8-(71537)-2-14-36 қабылданатынын хабарлайды.

Қоғамдық кеңестi қалыптастыру жөнiндегi жұмыс тобы Тимирязев ауданының мәслихатында жұмыс iстейдi (151100, Тимирязев а. Тимирязев ауданы Солтүстік-Казақстан облысы, Уәлиханов к., 1, № 311 каб., байланыс телефоны: 8-(71537)-2-14-36. Электрондық адресi: tim_maslihat@bk.ru).

Конкурсқа материалдар жинауға жауапты – жұмыс тобының хатшысы Жұмабаева Эльмира Мергеновна, тел. 8-(71537)-2-14-36.

Конкурсқа қатысу үшiн келесi құжаттар ұсыну қажет:

  1. кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  2. кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергiлiктi деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидат:

  1. сотталғандығы болмауы тиiс;
  2. сот заңда белгiленген тәртiппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кiнәлi деп танымаған болуға тиiс;
  3. психикалық ауруға (психоневрология орталығы), алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа (наркология орталығы) байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиiс.

Ескертпе: Психоневрологиялық және наркологиялық орталықтарының анықтамаларын кандидат конкурсқа ұсынатын құжаттар пакетiмен бiрге өз қолымен тапсырады (3 тармақша).

Қоғамдық кеңес құру
жөнiндегi жұмыс тобы

2019 жылғы 17 қаңтар

Жұмыс тобының шешімдері

  1. Қоғамдық кеңестің сандық және дербес құрамы 9 адам болып белгіленсін, онда 6 – коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар, 3 – мемлекеттік органдар өкілдік етеді.
  2. Қоғамдық кеңеске мүшелік туралы конкурс туралы хабарландыру дайындалсын және интернет-ресурста орналастырылсын. 
  3. Жұмыс тобы Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ереженің жобасын (үлгі негізінде) әзірлесін.

Жұмыс тобының құрамы туралы №5 өкімі (ZIP 5 Kb)

Тимирязев аудандық мәслихат хатшысының
2019 жылғы 17 қаңтардағы
№ 5 өкiмiне қосымша

Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының құрамы

№ р/р Кандидаттың Т.А.Ә. Лауазымы ҚБ атауы, жұмыс орны Байланыс тел.
1 Габова Антонина Геннадьевна Төрайым «Светлица» ҚБ 2-12-65
2 Ескендиров Самат Зиятұлы Басшы «СҚО Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ 2-14-36
3 Жұмабаева Эльмира Мергенқызы Бас маман «СҚО Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ 2-14-36
4 Мұстафин Сабыр Советұлы Хатшы Аудандық мәслихат 2-12-53
5 Нұрғалиев Мейрам Бауржанұлы Төраға «Тимирязев ауданының білім беру және ғылым қызметкерлерінің бастапқы кәсіподақ ұйымы» 2-01-52
6 Мұхамеджанов Ерлан Бейсембайұлы Менеджер-кеңесші Тимирязев аудандық Кәсіпкерлер палатасы 7-90-52
7 Приходько Александр Геннадьевич Бірінші орынбасары «Нұр Отан» партиясының филиалы 2-00-10
8 Ташев Шоқан Садуақасұлы Имам Тимирязев аудандық мешіті 2-00-80
9 Телемесова Бибигүл Аманбайқызы Төрайым «Көшпелі» ЖҚБ 7-90-49
10 Шаяхметов Ғазиз Серікұлы Төраға «Тимирязев аудандық Соғыс, еңбек ардагерлерінің кеңесі» ҚБ 2-00-28

2018 жылғы 26 желтоқсан

Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа бақылаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеуді өткізу туралы хабарландыру

Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру үшін жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс ұйымдастыруға байланысты байқаушылар тізімін іріктеу жүргізіледі.

Конкурсқа байқаушылардың қатысулары үшін құжаттар қабылдау мерзімі аталмыш хабарландыруды жариялау күнінен бастап он жұмыс күнін құрайды.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін ниет білдірген тұлға Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін қосымшаға сәйкес нысанда өтініш ұсынады.

Өтінішті мына мекен-жайға: 151100, СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Уәлиханов к. 1, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ, № 311 каб., немесе мына электрондық поштаға жіберу қажет: tim_maslihat@bk.ru Анықтама үшін телефон: 8-(71537)-2-14-36.

Қосымша (ZIP 11 Kb)

2018 жылғы 26 желтоқсан

Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу үшін конкурс жариялау туралы хабарландыру

Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу туралы конкурс жарияланады.

Жұмыс тобының құрамы 9 адам көлемінде анықталады.

Жұмыс тобының мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауы керек. Бұл өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы өз бетінше айқындайды.

Азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күнін құрайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жоғарыда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. коммерциялық емес ұйымнан жұмыс тобының мүшелеріне үміткерді (бар болса) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттарды мына мекен-жайға: 151100, СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Уәлиханов к., 1, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ, № 311 каб., немесе мына электрондық поштаға жіберу қажет: tim_maslihat@bk.ru Анықтама үшін телефон: 8-(71537)-2-14-36.

Қосымша (ZIP 11 Kb)

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovПремьер Послание президента РКОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет